Аймақтық құрамға 300-ден астам адам енді.
Қатысушылар қатарында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, партия және қоғамдық ұйым мүшелері, құқық пен саясат саласының сарапшылары, журналистер, кәсіподақ және жастар ұйымдарының белсенділері бар.
Өңірлік коалиция жетекшісі Қуат Байғоджаевтың айтуынша, негізгі мақсат – тұрғындарға конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ реформаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
Өңірлік коалиция жетекшісі Қуат Байғоджаев штаб жұмысының жүйелі түрде ұйымдастырылғанын атап өтті:
«Штабтың облыс бойынша 162 мүшесі бар. Барлық жұмыс жоспарымыз бекітілді. Үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары штаб мүшелері мен аудандық штабтарға бөлініп берілді. Арнайы дайындалған үлестірмелі материалдар толық қамтамасыз етілді. Ертеңнен бастап халық көп шоғырланатын ірі мекемелерде жаңа Конституция жобасын, Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын бастаймыз. 15 наурызда тұрғындарды ел болашағы үшін бірауыздан дауыс беруге шақырамыз», — деді.
Алдағы уақытта өңірлік коалиция облыс көлемінде ақпараттық-түсіндіру кездесулері мен қоғамдық талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр. Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді.





