Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар

Мөлдір Иманмади
30.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.6 тұрғын «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, 9 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасын, тағы 13 азамат Алғыс хат алды.

Аймақ басшысы Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін балаларға арналған облыстық қолдау орталығында болып, мекеменің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда орталықта 24 тәрбиеленуші бар. Олардың 18-і мектепке барып жүр, 4 бала колледжге қабылданса, 2 тәрбиеленуші балабақшаға қатысуда. Балаларды тасымалдау үшін орталықтың өз автобусы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, әкім индустриялық аймақтағы ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысын көрді. Қайрат индустриялық аймағында «Almaty Guangjin Investment Management Consulting» компаниясы жалпы аумағы 300 мың шаршы метр болатын өндірістік және әкімшілік нысандар тұрғызуда. Жобаға 750 млн АҚШ доллар инвестиция тартылып, 2028 жылға қарай 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жылдық тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларына жетіп, оның 900 млн доллары экспортқа бағытталмақ.

Қарасай ауданында әкім Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба құны – 1,176 млрд теңге. 2025 жылы осы мақсатқа 492 млн теңге бөлінеді. Марат Сұлтанғазиев мердігер ұйымдарға тұрғындардың пікірін ескеріп, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ауданда жастар паркі мен ресурс орталығы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасай ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1075 бейнебақылау камерасы және 52 интеллектуалды аппараттық кешен орнатылған. Оның ішінде Қаскелең қаласының өзінде 252 камера мен 24 заманауи кешен жұмыс істеп тұр. Жүйе бейнебақылаудан бөлек, адам жүзін тану, адамдар көп жиналған жерді анықтау және ұмыт қалған заттарды байқау мүмкіндіктерімен жабдықталған. Барлық деректер аудандық полиция бөлімінің жедел орталығына түсіп, тәулік бойы бақыланады.

Ал Талғар ауданында облыс әкімі Төңкеріс ауылында салынған жаңа мектептің ашылуына қатысты. «Болашақ мектептері» жобасы аясында бой көтерген үш қабатты ғимараттың сыйымдылығы – 600 орын. Жалпы ауданы 8,8 мың шаршы метрді құрайтын нысанда 281 оқу кабинеті, 176 орындық асхана және 138 орындық акт залы бар. Жобаның құны – 5,324 млрд теңге.

Облыс әкімінің жұмыс сапары өңірде әлеуметтік инфрақұрылым, өнеркәсіп және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетті. Мұның барлығы Алматы облысы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарконституция күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz