Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көктемгі егіс науқанына дайындық талқыланды

Алматы облысы әкімдігінде көктемгі егіс науқанына дайындық мәселелері қарастырылған маңызды жиын өтті. Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Еркінбек Дәуітқұлов және аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиын ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары дайындаған баяндамамен басталып, одан әрі өңір әкімдерінің егіс жұмыстарына әзірлік барысы туралы есептерімен жалғасты.

Ауыл шаруашылығына қолдау жалғасады

2025 жылы облыста 427,7 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға артық. Егілетін дақылдардың негізгі бөлігін мал азығы дақылдары (205,7 мың га) және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Сондай-ақ 52,6 мың га жүгері, 21,1 мың га майлы дақылдар, 14 мың га көкөніс, 10,4 мың га картоп егу жоспарланған.

Егін шаруашылығын қолдау мақсатында облыста 63 мың тонна тұқым дайындалды. 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш пайдалану жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың тоннаға көп. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандарда 80 қойма жұмыс істейді, оның ішінде 57,1 мың тонна көкөніс, 47,8 мың тонна жеміс, 26,3 мың тонна картоп сақтауға арналған қоймалар бар.

Шаруаларға көмек ретінде 4650 тонна дизель отыны литрі 250 теңгеден бөлінді. Сонымен қатар, 665 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 15,7 млрд теңге несие бөлінсе, өсімдік шаруашылығын қолдауға 3,4 млрд теңге субсидия қарастырылған.

Өңірлердегі дайындық барысы

Балқаш ауданында биыл 28 724 гектар алқапқа егіс егіледі. Ауданға 454 тонна дизель отыны бөлініп, 56 жаңа техника алу жоспарланған. Еңбекшіқазақ ауданында 78 444 гектар жер жыртылып, 14 820 тонна тыңайтқышдайындалды. Іле ауданында су үнемдеу технологияларын 4,5 мың гектар жерге енгізу көзделген.

Талғар ауданында 19 480 гектар жерге егін егіледі. Сонымен қатар, 240 шақырым суару желілерін жөндеу арқылы 3 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. Жамбыл ауданында егіс көлемі 106,2 мың гектарғаұлғаяды. Қарасай ауданында 991 техника дайындалды, 2 410 гектар су үнемдеу технологиялары енгізіледі. Ұйғыр ауданында 403 тонна тұқым сақадай сай. Кеген ауданында 2 060 гектар су үнемдеу технологиялары енгізіліп, 581 тонна дизель отыны бөлінді. Райымбек ауданында егіс көлемі 39 900 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа мүмкіндіктер

Облыста жаңа технологиялар енгізу, су ресурстарын тиімді пайдалану және шаруаларға қаржылай қолдау көрсету шаралары жалғасады. Егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Алматы облысының аграрлық әлеуеті жоғары, сондықтан көктемгі егіс жұмыстары табысты аяқталса, өнімділік еселеп артпақ.

Жиын барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудандарға белгіленген жоспарларды толығымен орындауды тапсырды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеп отыр.

Тегтер: Алматы облысыегінқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

Снегопад и похолодание: в Алматинской области объявлено штормовое предупреждение

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz