Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Іле ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

24.03.2023
Аймақ

Өңір басшысына сұрақ қойған Ақши ауылының тұрғындары елді мекенде мал басы көп, жайылым жер халыққа тарлық етіп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, ауылдың маңайындағы бос жатқан жерлерді мал ұстайтын адамдарға теңдей бөліп беру қажет және ол үшін облыс әкімдігінен арнайы комиссия құрылуы тиіс.

Тұрғындардың өтінішін тыңдаған облыс әкімі комиссия құру туралы ұсынысты бірден қабыл алды.

«Өздеріңізге мәлім, пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару оңай іс емес. Бірақ осы уақытқа дейін бірнеше мың гектар жер қайтарылды. Аталған жұмыс ары қарай өз жалғасын табады. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша өңірлік комиссия құрылады. Бұл іске жауапты менің орынбасарым Рауан Рақымбеков», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар облыс әкімі Іле ауданында жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілу деңгейі төмен екенін де айтты. Мұнда халық игілігі үшін 11,5 мың гектар жер берілген. Ал қажеттілік көлемі — 47,3 мың гектар.

«Бұл ауданға жүргізген мониторинг барысында 47,6 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет меншігіне барлығы 3,4 мың гектар жер қайтарылды. Бұл өте төмен көрсеткіш», — деді өңір басшысы.

Бұл мәселені шешу үшін ол өзінің орынбасары Рауан Рақымбековке, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармаларына, аудан әкімімен бірлесіп:

• ауданның әлеуетін ескере отырып, жаңа қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторларды тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді;

• пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыру, жердің нысаналы мақсатын негізсіз өзгертуге жол бермеуді тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыжайылым жерМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz