Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

Алматы облысының полицейлері шамамен сегіз мың бір реттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

21.10.2023
Аймақ

18 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстады.

Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат қарапайым адамдар арасында “жылдамдық” деп аталатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады.

Айта кету керек, арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тегтер: Алматы облысыЕсірткіполиция

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz