Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған «Жұмысшы мамандығы – табысты елдің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Шараның басты мақсаты – еңбек адамына құрмет көрсету, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру және кәсіби шеберлігімен көзге түскен азаматтарды марапаттау.

Бүгінде Алматы облысындағы әрбір бесінші оқушы жұмысшы мамандығын тұрақты жұмыспен қамтылу мен кәсіби дамудың саналы таңдауы ретінде қарастырады. Бұған кәсіби бағдар беру бағдарламаларының кеңінен жүзеге асуы және мектеп–колледж–еңбек нарығы арасындағы жүйелі байланыстың қалыптасуы ықпал еткен.

Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат депутаттары, колледж директорлары, білім беру ұйымдарының басшылары, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, халықаралық грант иегерлері мен WorldSkills чемпионатының жүлдегерлері қатысты.

Өңір басшысы өз құттықтауында еңбек адамына қолдау көрсету тақырыптық жыл аяқталғаннан кейін де өңірлік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

«Білікті маман мен еңбекқор азамат экономиканың стратегиялық маңызы бар тірегі болып табылады. Сондықтан еңбек адамына қолдау жүйелі түрде жалғасын табады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Қазіргі таңда Алматы облысында 41 колледж жұмыс істейді, онда 22 мыңға жуық студент білім алуда. Кадр даярлау еңбек нарығының нақты сұранысына бағытталған:

  • 950 студент жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқиды;

  • 60 оқушы аттестатпен қатар колледж дипломын қатар алуда;

  • 19 колледж дуальды оқыту жүйесі бойынша 238 кәсіпорынмен жұмыс істейді;

  • 23-тен астам компания колледждерге шефтік қамқорлық көрсетуде.

Сондай-ақ өңірде еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтар ашылды. Атап айтқанда:

  • «Гидротехникалық мелиорация»

  • «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»

  • «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе»

  • «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін пайдалану»

  • «Жиһаз өндірісі»

Халықаралық ынтымақтастық бағыты да кеңейіп келеді. Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде 35 студент пен 14 педагогты Қытай еліне тағылымдамадан өткізу жоспарланған.

Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта облыста 16 жатақхана жұмыс істейді. Ал биыл жалпы құны 6 миллиард теңге болатын, 711 орынға арналған 4 жатақхананы пайдалануға беру көзделген.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі республикалық деңгейде де байқалды. WorldSkills Kazakhstan X чемпионатында Алматы облысының өкілдері 12 жүлделі орынға ие болды.

Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда:

  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен – 2 адам;

  • Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – 11 адам;

  • Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен – 9 адам;

  • WorldSkills чемпионатының 13 жүлдегер студенті марапатталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Алматы облысында жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы еңбек адамына көрсетілген қолдаудың нақты нәтижелер беріп отырғанын және жұмысшы кәсіптердің өңір жастары үшін болашағы зор, сұранысқа ие бағыт екенін айқын көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz