Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында емдеу-сауықтыру кешені ашылды

Алматы облысы Қаскелең қаласында 10 жылдай иесіз қалған «Рахат» санаторийі қайта жөнделіп, «ЛОК Rahat-Resort» емдеу-сауықтыру кешені болып қайта ашылды.

07.02.2023
Аймақ

Бұл нысанның іргесі 1981 жылы қаланған. Алайда 2010 жылдан бері санаторий тонауға түсіп, жарамсыз күйге ұшыраған. Бүлінген нысанды қайта қалпына келтіруге 500 млн теңге инвестиция құйылды. Емдеу-сауықтыру орталығы Ресей, Германия, Швейцарияның алдыңғы қатарлы технологиясымен жабдықталған.

Мұнда адамдар нейрологиялық және жарақат ауруларынан кейін қосымша ем қабылдай алады. Келушілер физиотерапия, парафинмен, батпақпен, оттегімен, бумен емдеу шараларын қабылдап, тұзды шахта, хамам монша, сауна, бассейн, фито-бар қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар.

«Ізгілікті істің жүзеге асуы өңір тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіп, «Саламатты Қазақстан» жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосатынына сенімдімін», — деді ашылу салтанатында Қарасай ауданының әкімі Рустам Атшабаров.

Санаторий бір мезгілде 80 адамды қабылдай алады, мұнда 30 қызметкер еңбек етеді. Демалушылар үшін бір және екі кісілік бөлмелер мен «люкс» дәрежелі номерлер жабдықталған.

Тегтер: Алматы облысыемдеу-сауықтырукешен

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz