Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында белгісіз ер адам тиіспек болған оқушы оқиға туралы айтты

Алматы облысы Қарғалы ауылында сегіз жасар оқушы қызды ұрлауға қатысты атышулы іске қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

07.06.2023
Аймақ

Телеарна мәліметінше, оқушы қызды құшақтап, бетінен сүйген. Осы сұмдық жайттың бәрін қыз анасына айтып беріпті. Ал кеше қонақүй әкімшілігі «біз жөндеуге жабылдық жұмыс істемейміз» деген.

Желіге жүктелген жазбадан бұрын күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, қобалжып тұрған қыздың көңілін де аулай бастаған.

«Нұр-Әли деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым», — дейді қыз.

Жазғы лагерьге бара жатқан жеткіншекті жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. Оны 36 жастағы күдікті жеткізіп тастаймын деп таксиге отырғызған көрінеді.

«Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Ақырын қызбен сөйлесіп үйге алып кірдім. Екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды», — деді куәгер Күләш Теңелбаева.

Перзентім құрбан бола жаздады деген анасы қазір дел-сал күйде. Мұндай жағдайды бастан кешемін деп ойламадым деп жылаған. Үнемі қызын әкесі жетектеп жолға шығарып салып, таксиге отырғызып жіберетін.

«Таңертең сағат 09.00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын», — дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

Күдікті қазір адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленушінің анасы қызын зорлауға оқталған деп қорқады. Сондықтан тергеудің әділ өтуін қалайды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚарғалы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz