Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Алғыс айту күні 3 бағытта атап өтіледі

Бұл туралы кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан айтты.

17.02.2023
Аймақ

Оның айтуынша, облыста Алғыс айту күнін жалпыхалықтық деңгейде атап өту үшін арнайы «Рақмет саған, Qazaqstan!» атты кешенді медиа жоспар әзірленді.

«Бұл жоспар 3 бағыттан, 100-ге жуық іс-шарадан тұрады. Шаралардың бірінші бағыты – қоғамдық-бұқаралық, екіншісі – ақпараттық-насихаттық, үшіншісі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», — деді Жандар Асан.

Маманның мәліметінше, мерекелік онкүндік 20 ақпанда «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында эссе жазудан мектеп оқушылары арасындағы облыстық байқаудан басталады. Мерекелік іс-шаралар шеңберінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық науқаны, «The Spirit of Ethnos» фестивалі да ұйымдастырылады.

«Алғыс айту күнін атап өту кезінде еңбек ұжымдары мен білім беру ұйымдарында, қоғамдық орындарда идеологиялық хабарларды ақпараттық кеңістік арқылы ілгерілетуге басымдық берілмек. Атап айтқанда, «Туған елге алғыс» бейне құттықтаулары, «Атаулы күннің ақиқаты» атты телепікір топтамасы, шығарма оқудан челлендж және т.б. медиа жоспарлар жүзеге асырылады», — деді ол.

Тегтер: Алғыс айтуАлматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz