Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғашқы донорлық операция сәтті өткізілді

2025 жылдың қаңтар айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Алматы облысында алғаш рет донорлық операция сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

Клиника мамандары бас миының өлімі диагнозы қойылған 46 жастағы ер адамға донорлық процесс ұйымдастырды. Донордың туыстарынан органдарды алуға келісім алынғаннан кейін екі бүйрек, жүрек, өкпе және екі көздің қабығы трансплантацияға пайдалануға алынды.

Бұл маңызды операция Қазақстандағы трансплантология саласының дамуындағы тарихи оқиға болып саналады. Операцияның сәтті өтуі – білікті трансплантолог дәрігерлердің кәсібилігінің айқын дәлелі.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы донорлықтың маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Донор болу – жаңа өмірге мүмкіндік беру. Қазіргі таңда трансплантацияға мұқтаж жандар саны өсіп келеді. Донор болуға шешім қабылдаған адамдар тек өмір сақтап қана қоймай, өзгелерге үміт сыйлайды.»

Бұл оқиға Қазақстанның медицина саласындағы ілгерілеуді көрсетіп, адам өмірін сақтап қалудағы жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты.

Тегтер: Алматы облысыота

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz