Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғашқы ауылдық тірек мектеп жабдықталды

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы Т. Рысқұлов атындағы орта мектепті жарақтандыру қорытындысының таныстырылымы өтеді.

24.02.2023
Аймақ, Әлем

27 ақпан күні сағат 10:00-де өтетін «Ашық есік күніне» «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова, «Aitas KZ» АҚ Бас директоры, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысы Серік Толықпаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, жоба серіктестері, БАҚ және жергілікті халық қатысады.

Ұйымдастырушылар бағдарламаның нәтижелері туралы айтып, мектептің таныстырылымын жүргізеді. Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асыратын «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасына енгізілген.

Бағдарлама аясында НЗМ жарақтандыру стандарты бойынша 37 оқу кабинеті мен шеберханасы, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылды. Мектеп оқытушылары зияткерлік мектеп мамандарының өткізген оқуынан өтіп, әдістеме алды.

Оқу орнында 2083 оқушы оқиды және 219 педагог жұмыс істейді. Материалдық-техникалық базаны жаңарту және педагогтарды оқытудың арқасында ауыл мектебі өз әлеуеті мен тәжірибесін ауданның басқа мектептерімен бөлісе алады. Қор мектепті жарақтандыруға 249 млн. 825 мың теңге жұмсады.

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық тірек мектептерін құруды жоспарлап отыр. Жобаның бюджеті — 4 млрд. 250 млн теңге (1 мектепке шамамен 250 млн. теңге есебінен 17 мектеп). Бүгінгі таңда Қор 16 тірек ауыл мектебінің мұғалімдерін оқыту курстары мен тағылымдамадан өткізу түрінде әдіснамалық көмек көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыЖамбыл ауданымектепҰзынағаш

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz