Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ресми мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
20.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: nege.kz

Фото: nege.kz

Бағдарламаның негізгі бағыттары туралы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков, «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге мәлімдеді.
Бағдарламаның басты мақсаты — мемлекеттік қызметкерлер мен спортшыларға, сондай-ақ бюджеттік сала мамандарына қолжетімді баспана беру. Бұл — өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Бағдарлама аясында ипотекалық несиенің максималды сомасы 30 миллион теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Ал бастапқы жарна мөлшері — 10%. Алматы облысында кемінде соңғы 24 ай ресми жұмыс өтілі талап етіледі және өтініш берген кезде меншігінде  тұрғын үйдің болмауы міндетті.
«Отбасы банк» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге бағдарламаның тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Ол азаматтарды берілген мүмкіндікті пайдалануға шақырды.
Бағдарлама облыстық бюджеттен 3,146 миллиард теңге, ал «Отбасы банк» тарапынан қосымша 629 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 120-дан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім қабылдау басталуы: 2025 жылғы 25 тамыз
• Қабылдау орны: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, «Отбасы банк» ғимараты, 1-қабат
• Жұмыс уақыты: 
• Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00
• Сенбі: 09:00 – 13:00
• Жексенбі — демалыс.
Тегтер: «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасыОтбасы банк

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz