Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында айып тұрағындағы 100 млн теңгелік жүк көлігі бөлшектеліп сатылып кеткен

Алматы облысында айып тұрағында тұрған «Volvo FH» маркалы жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: ҚР ІІМ

Фото: ҚР ІІМ

Прокуратура мәліметінше, жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын көлік әкімшілік іс аясында тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілмек болған. Алайда ол арнайы сақтау орнында тұрғанда бөлшектеліп, сатылып кеткен.

Бұған қоса, тәркілеуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі анықталды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, құны 8 миллион теңге тұратын «Mercedes E350» көлігі күдіктінің әкесіне уақытша сақтауға берілген. Кейін сот бұл көлікті де мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарған.

Алайда сот шешіміне қарамастан, көлік жасырып қойылған. Күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартқан.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін тиісті құжаттар жолданды.

Тегтер: Алматы облысықылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz