Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үй қоры ұлғайды

Алматы облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.02.2026
Аймақ, Алматы облысы
Social networking scheme from the hands

Social networking scheme from the hands

Өңірлік құрылыс басқармасының мәліметінше, 2025 жылға жоспарланған 1700 тұрғын үй толық сатып алынып, жоспар 100 пайызға орындалған. 2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Мемлекеттік бағдарлама аясында алынған пәтерлер әлеуметтік осал топтарға және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

Сонымен қатар, облыста тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қонаев қаласының 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында 187 іс-шараны іске асыру көзделген.

Айта кетейік, кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда, оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салынып, сатып алынып жатыр (шалғай аудандарда 350 мың теңге).

Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етіледі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz