Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 60 отбасы баспаналы болды

Қос мереке қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 60 тұрғынына баспана кілті берілді.

06.05.2023
Аймақ

Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Аталмыш үйлер, сатып алу құқығынсыз жалға берілуде.

Бір жылға жуық уақыт құрылысы жүрген үйдің енді өз иелері бар.

Жылдар бойғы арманы орындалған ауыл халқының қуанышымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым құттықтап, үйдің кілтін табыстады.

«Бүгін мерекеге орай, Шелек ауылында пәтер кілттері беріліп жатыр. Бұл бұқара үшін асқан қуаныш. Елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар жағдай жасалуда. Соның бірі — халықты тұрғын үймен қамту. Осы күнге дейін, Шелекте 2019 жылы көпбалалы отбасыларға 2, 2020 жылы медицина қызметкерлеріне 15 үй сатып алынып, қолданысқа берілді», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым.

Айтулы күні 19 жетім бала, 12 әлеуметтік аз қамтылған отбасы, 5 мемлекеттік қызметкер қоныс тойын тойлады.

Солардың бірі, 12 жыл бойы кезекте тұрған Алима Сейілханова.

«Мен жетім бала санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрдым. Өзім үш баланың анасымын. Бүлдіршіндерімнің бағына орай үш бөлмелі пәтер берілді. Қуанышымда шек жоқ», — деп ағынан жарылды Алима Сейілханова.

Еске салайық, ауыл халқының 5-еуі бір бөлмелі, 28-і үш, 27-і төрт бөлмелі пәтердің иелері атанды.

Айта кетейік, жуық арада, Есік қаласында 120 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа өтетін болады.

Сонымен қатар, Шелек ауылында 60 пәтерлі, Есік қаласында барлығы 30 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыбаспанаБасты жаңалықтарЕңбекшіқазақ ауданышелек

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz