Өңірлік құрылыс басқармасының мәліметінше, жалпы құны 154,1 млрд теңгені құрайтын 159 нысанның құрылысы жоспарланып, оның 152 млрд теңгесі игерілген.
Игерілмеген 2,1 млрд теңгенің ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үнемделген 0,9 млрд теңге бар. Биылғы құрылыс жұмыстары негізінен білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларындағы әлеуметтік нысандарды қамтыды.
Мамандардың айтуынша, жүзеге асырылған жобалар өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және халыққа қолжетімді әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, 2026 жылға барлық құрылыс нысандарына жергілікті бюджеттен 58,2 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржы әлеуметтік нысандардың құрылысын жалғастыруға, жаңа жобаларды іске асыруға және өтпелі объектілерді аяқтауға бағытталмақ.





