Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 15 млн теңгеге сатылған мектептің ісі сотқа жетті

Алматы облысында небәрі 15 миллион теңгеге сатылып кеткен мектепті қайтару бойынша сот процесі басталды. Кезінде өздері жекенің қолына аз сомаға сатып жіберген мектепті аудандық білім бөлімі аяқ астынан іздеп, арыздана бастады.

07.06.2023
Аймақ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Прокуратура кезінде Қарасай ауданының әкімі шығарған қаулының күшін жою туралы сотқа тарап-арыз түсірген. Шалқар ауылына жаңа мектеп салынған соң, бір гектарға жуық жері бар екі қабатты мектепті Қарасай ауданының әкімі болмашы ақшаға сатып жіберген еді. Әкімдік мектепті жеке компанияның жарғы капиталын көбейту үшін бере салған. Арада алты жылға жуық уақыт өткенде аудандық білім бөлімі де оқу ордасын жоқтап шықты.

«Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №2 қаулысымен, Қарасай ауданының қаржы бөлімінен Шалқар ауылындағы Абай көшесі 9-үй мекенжайы бойынша орналасқан, М. Ломоносов  атындағы мектебінің босап қалған ескі ғимаратын қосалқы жер телімімен бірге «Қарасай тұрғын үй»  ЖШС-ның жарғы капиталының ұлғайтылуы үшін аударылып берілген. 2018 жылғы 13 ақпандағы №63 қаулының негізінде «Қарасай тұрғын үй құрылысы» ЖШС-нің теңгеріміндегі аталған бос тұрған мектеп ғимаратын, және алаңы 0,7500 га болатын жер учаскесін жеке тұлғаға жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату туралы №1 шарт жасалып сатылған», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шалқар ауылында 2017 жылы 600 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілген. Қазақ мектебінде оқушы сыймайды. 600 орынға арналған мектепте қазіргі уақытта 1056 оқушы екі ауысымда білім алады. Мектептің арзанға сатылып кетуіне алдымен ауыл халқы қарсылық танытқан. Қазіргі уақытта жекенің меншігіне өтіп кеткен мектепті мемлекетке өткізу бойынша сот ісі жүріп жатыр.

«Жергілікті ауыл тұрғындарының бастамасымен қазіргі уақытта Қарасай аудандық прокуратурасы тарапынан Шалқар орта мектебінің ескі ғимараты бойынша қаулылардың күшін жоюға талап арыз берілді. 2023 жылдың 25 мамырында және 2023 жылдың 2 маусымында сот отырыстары өтті. Келесі сот отырысы 9 маусымға жоспарланған», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектептің жеке қолға сатылып кеткенін айтып, қайтаруға екі ай уақыт береміз деп талап қойған болатын.

Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданымектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz