Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 100 жастан асқан 40-қа жуық азамат бар

Қазақстанда ғасырдан асқан және ұзақ ғұмыр кешіп жатқан адамдардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бүгінде елімізде 448 қарияның жасы 100-ден асқан, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, ғасыр жасаған қарттардың ең көбі Алматы қаласында тұрады – мұнда 58 қария бар. Екінші орында Түркістан облысы (53 адам), ал үшінші орында біздің өңір – Алматы облысы, мұнда 37 ұзақ ғұмыр иесі өмір сүріп жатыр.

Ең қарт кейуана – 115 жаста

Еліміздегі ең қарт адам – Ұлытау облысында тұратын кейуана. Жақында ол 115 жасқа толды. Сондай-ақ, Павлодар облысында жасы 113-тен асқан қария, Жамбыл облысында 110 жасқа келген адам бар екені хабарланды.

Ертең, яғни 1 қазанда – Қазақстанда Қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен халықаралық деңгейде бекітілген болатын.

Қоғамда үлкенге құрмет, қартқа ізет көрсету – ұлттық дәстүріміздің асыл қазынасы. Әсіресе, Алматы облысындағы 37 ғасыр жасаған қария – жас ұрпаққа өнеге, парасат пен тектіліктің символы.

Тегтер: қарттар күнімереке

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

Заңға құрмет – азаматтық жауапкершілік белгісі

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz