Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Үйде өз бетінше емделген кейуана өлім аузынан аман қалды

Қонаевтық дәрігерлер ауруханаға ауыр хәлде түскен 75 жастағы кейуананы өлім аузынан аман алып қалды. Науқас бірнеше күн бойы медициналық көмекке жүгінбей, үйінде өз бетінше емделген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
20.03.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, Аурухана қабырғасына түскен кезде жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Бірден зейнеткерге сараптама жүргізіліп, жедел панкреатитке шалдыққанын анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелде перитонит, яғни ұйқы безінің қабынуының асқыну салдарынан жаңа ауру түрлері қосылған. Мамандар бірден МӘМС есебінен тегін түрде шұғыл ота тағайындапты. Отаны 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті дәрігер, аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Ажибиев жүргізген.

«Біздің бұл бағытта тәжірибеміз мол. Себебі, мұндай ауру тұрғындар арасында жиі кездеседі. Сәйкесінше, ота тағайындалатын науқастар саны да көп. Есебі жоқ. Бұл науқас ауыр хәлде келіп түсті. Қажетті емнің нәтижесінде біз азаматты аяқтан тік тұрғыздық. Амбулаториялық емін де алды», — дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Ажибиев.

Жалпы, хирургия бөлімінде күніне күрделі 4-5 ота жасалады. Мамандар барлығы МӘМС аясында тегін жүргізілетінін айтады.

Тегтер: Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасыМӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалыпанкретит

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz