Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қазақстанда есірткі өндіргендер өмір бойына сотталуы мүмкін

Қазақстанда есірткі өндіретіндер өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Polisia.kz сайты Қазақстанда есірткі зертханалары санының өскені байқалады. Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойған. Тек Алматының өзінде осындай 11 дерек анықталған. Eкінші орынды Алматы облысы иеленген, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойған. Есірткі өндірушілерден 200 келіден астам «синтетика» және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілде айының соңында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді. Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленді. Қаскөйдің «виртуалды» кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген. Есірткі өндірісі үшін бұл жігіттің 15 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылатыны анық.

Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралып жатыр. Бұл бастамаларды қоғам қолдайды. Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.

Тегтер: Есірткі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz