Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысының полицейлері тағы бір есірткі зертханасын анықтады

Саяжай алаптарының бірінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеру үшін Honda Odyssey автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
«Полицейлердің күдігін жүргізушіден шыққан ерекше иіс тудырған. Тінту барысында салонда бір килограмға жуық мефедрон психотроптық заты табылды», – деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Полицейлер күдіктінің тұрғылықты жері бойынша іздеуді жалғастырған. Осыдан бір ай бұрын Жамбыл ауданының аумағындағы саяжай үйлерінің бірінде ер адам есірткі лабораториясын ұйымдастырып, 5 келіге жуық аталған затты өндіріп үлгергені белгілі болды.

Сондай-ақ тінту кезінде есірткі өндіруге қажетті реактивтер, ыдыстар мен заттар табылды.

Есірткі заттарын заңсыз дайындау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

«Тергеу мен жедел қызметкерлердің айтуынша, есірткі мегаполис аумағында сатуға арналған. Осылайша, Алматы көшелеріне 360 миллион теңгеден астам сомаға психотроптық заттардың ең мықты аналогтарының 20 мыңға жуық дозасының таралуына жол жіберілмеді», — деп толықтырды Бауыржан Әленов.

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері алты есірткі зертханасын жойды.

Тегтер: Есірткі

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz