Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында қаржы саласының мамандары марапатталды

«AMANAT» партиясы қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz

16.11.2023
Алматы облысы

Кеше елімізде Ұлттық валюта күні – Теңге күні, сондай-ақ қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай партия филиалында салтанатты шара өтті.

Қаржыгерлерді мерекесімен құттықтаған партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі тегін емес екенін атап өтті.

«Баршаларыңызды Ұлттық валюта — теңгеміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Егемен елдің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі тегін емес. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім-біліктіліктеріңіздің арқасында өңіріміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Алдағы уақытта да осынау биік межеден көрініп, ел экономикасының әлеуетін арттыруға күш салады деп сенемін», – деді Қуат Байғоджаев.

Ол өңірде экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеттері оңтайлы шешіліп жатқанын айтты.

«Біздің өңірде экономикалық өсімді қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту бағытында қаржылық сауаттылыққа орай алға қойған міндеттер оңтайлы шешілуде. Мәселен, AMANAT партиясы мен Халық банк бірлесе ұйымдастырған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 8 мыңнан аса облыс тұрғындары өз қаржылық сауаттылығын арттырып үлгерді. Жоба арқылы оң шешілген мәселелер де көп», – деді партия төрағасы.

Тегтер: Алматы облысықаржымаманмереке

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz