Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «JASTAR FEST» ГАЛА КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Алматы облысы Жамбыл ауданында Халықаралық жастар күніне орай «Жастар – елдің бүгіні» атты салтанатты гала-концерт ерекше атап өтілді

Балнұр Асанова
14.08.2025
Алматы облысы

Шараның мақсаты – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін қолдау, азаматтық жауапкершілікті нығайту болды.

Шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосып келе жатқан үлесін атап өтті.

Кеш барысында білім, мәдениет, спорт, еріктілік және кәсіпкерлік салаларында табысқа жеткен жас азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, концерт сахнасында елімізге танымал жас әншілер мен өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Мерекелік кешке 5000-нан астам аудан жастары мен тұрғындары жиналып, бұл күн жастардың бірлігі мен белсенділігінің айқын көрінісіне айналды.

Концерт аясында ел дамуына үлес қосу, қоғамдық өмірге араласу, еңбекке құрметпен қарау және жауапкершілік сынды құндылықтар кеңінен насихатталды. Шара жас буынның сергек көзқарасын, жаңа идеялар мен бастамаларға ашықтығын айқындады.

Жамбыл ауданы әкімдігі алдағы уақытта да жастардың бастамаларын қолдап, олардың әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыра бермек.

Тегтер: JASTAR FESTАлматы облысыБасты жаңалықтарЖамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz