Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

Елімізде IT мамандарына сұраныс артуда. Сол себепті өңірдегі цифрлық технологиялар басқармасы IT қауымдастықты дамытуға ден қойған. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай мен өңірлік менеджер Айгүл Бақал баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Спикердің айтуынша, облыстағы алғашқы инновациялық орталықтың ашылғанына екі айға жуықтады. «Alatau hub» — озық ойлы жастарды біріктіретін заманауи орта. Бүгінде мектеп оқушылары мен студенттердің білімдерін жетілдіруге бағытталған No code/Low Code, Freelance School, Startup Academy, Beta Career курстары жұмысын бастауда.

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауында халықаралық Astana Hub технопаркінің тәжірибесін аймақтарға тарату маңызды екенін жеткізді. Біздің Alatau Hub-14 аймақтық хаб. Қазіргі таңда, өңір тұрғындарына IT саласының маңыздылығын түсіндірудеміз», — деді Олжас Артықбай.

Қазіргі таңда облыстағы аймақтық хабта 20 жұмыс орны бар. Ашылғандарына аз уақыт болғанына қарамастан Google Developers Group, USAID, Digital Nomads сияқты серіктестермен бірге әртүрлі бағдарламаларды іске асыруда. Бұдан бөлек,хабта 80-нен астам адам қатысқан Aqyl Battle, It Quiz, Speaker Talks сияқты түрлі іс-шаралар өткізілді.

Орталықтың менеджері Айгүл Бақалдың сөзіне сүйенсек, жастардың IT саласына қызығушылығын арттыру мақсатында «Alatau Hub» жазғы лагерін ашуды жоспарлауда. Жазғы дамыту орталығына IT саласына қызығып, біліктілігін арттырамын деген 17 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

«Лагерде IT салаcының қыр-сыры, жаңа бастамалар мен түрлі бағдарламалар талқыланады. Еліміздің үздік мамандары келіп, тәжірбиесімен бөліседі. Өтінімдер келесі аптаға дейін қабылданады, — деп қортындылады спикер.
Тегтер: Жазғы лагерь

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz