Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында 100-ден аса ойын терминалдары жойылды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды құмар ойын бизнесімен күреске шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Қазақстан Республикасында заңнамасына сәйкес ойын бизнесі объектілері Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасуы тиіс. Сонымен қатар, ел аумағында тек «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотерея операторы «Lotomatic» және «Lotoclub»логотипі белгіленген сары-көк түсті терминалдары арқылы ұтыс ойындарын өткізуге құқылы.

Соңғы уақыттарда ойын автоматтарының кең таралуына, көптеген онлайн-казинолардың, букмекерлік кеңселердің пайда болуына байланысты проблеманың ауқымы кеңейе түсті.

Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралевтің сөзінше, бүгінде ойын бизнесінің заңсыз объектілерімен жоспарлы күрес жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, облыста 2022 жылдан бері 50-ге жуық заңсыз ойын мекемелері мен 100-ден астам ойын терминалдары жойылған. Бұдан өзге, покер үстелдері мен компьютерлер заңсыз айналымнан алынған.

«Құмар ойындардан келетін қауіптің орасан көп екені талай айтылып жүр.Заңсыз ойынмен жұртшылықтың бірлескен күш-жігермен, оның ішінде профилактикалық іс-шара жүргізу арқылы күресу қажет»-деді Данияр Қыдыралиев.

Еске салайық, заңсыз ойын бизнесі туралы қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына – 1458 немесе «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарласаңыз болады.

Тегтер: қылмыс

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz