Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: ҚР Әділет министрі Қанат Мусин өңірге іс-сапармен келді

Қазір Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназияның қабырғасында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин жұртшылықпен кездесу өткізіп жатыр.

28.11.2022
Аймақ

Ол ең алдымен өңірге келудегі мақсаты жөнінде айтты.

«Алматы облысына келудегі басты мақсат – өңірде орын алған мәселелерді шешуде көмектесіп, ұсыныс-тілектерді тыңдау. Әділет министрлігінің негізгі бағыты – ұлттық заңнаманы қалыптастыру және дамыту», — деді министр Қанат Мусин.

Сондай-ақ ол Әділет органдарының халыққа заң қызметін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізетінін атап өтті. Оның ішінде:
• зияткерлік меншікті қорғауды,
• атқарушылық іс жүргізуді,
• сот-сараптама қызметін,
• заңды тұлғаларды, мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді іске асыруға қатысады.

«Әділет министрлігі — Конституцияға енгізілген өзгерістердің жалғасы болған барлық конституциялық заңдардың негізгі әзірлеушісі», — деді министр.

Жиын барысында министр Президенттің өкілеттік мерзіміне және оның қысқаруына байланысты өзгерістер туралы сөз етті.

«Президенттің тек 7 жыл мерзімге бір рет сайлануы туралы норма Конституцияда және Президент туралы Конституциялық заңда бекітілгеннен кейін өз күшіне енді және Конституцияда айтылғандай өзгеріссіз қалды», — деді Қанат Мусин.

Тегтер: Қанат Мусин

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
01.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
01.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz