Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

2025 жылғы 21 мамырда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Бейжің қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қытай Халық саяси консультативтік кеңесінің Бейжің қалалық комитеті төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесті. Тараптар екіжақты серіктестікті нығайту және негізгі бағыттардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
» Қытай – бай тарихи мұрасы мен зор қазіргі заманғы әлеуеті бар ел. Оның жүрегінде орналасқан Бейжіңде болу – мен үшін үлкен мәртебе», – деді өңір басшысы.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Қазақстан, оның ішінде Алматы облысы, Қытаймен серіктестікті стратегиялық басымдық ретінде қарастырады.

– Қытаймен ынтымақтастық – жай дипломатиялық қадам емес. Бұл – өзара сенімге, прагматизм мен ортақ мүддеге негізделген жол, – деп атап өтті әкім Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіре отырып.

Кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика, шекара маңы саудасы, жаңартылатын энергетика және мәдени байланыстар қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл салалар Қытаймен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Әкім «Бір белдеу – бір жол» бастамасына Алматы облысының белсенді қатысуына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңір экономикасы айтарлықтай серпіліс жасап, жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша республикада 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

Кездесу барысында мәдени байланыстар да ерекше назарда болды.

– Біздің қарым-қатынас тек экономикамен шектелмейді. Біз мәдени жақындасуға үлкен мән береміз. Жуырда Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті. Бұл – халықтарымыздың рухани үндестігінің жарқын белгісі, – деді Марат Сұлтанғазиев.
Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz