Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы дайын тауарлар экспорты бойынша үштікке енді

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылы ең жоғары деңгейге – 134,4 млрд. долларға жетті.

23.02.2023
Аймақ

Экономика министрлігі экспорт бойынша көшбасшы аймақтар мен аутсайдерлер туралы хабарлады.

Өңірлік бөліністе сыртқы сауданың 25% — Атырау облысы (33,8 млрд. доллар), 21% — Алматы (27,6 млрд. доллар), 11% — Астана (14,6 млрд. доллар) жүзеге асырады.

Сауда белсенділігінің антирейтингінің басында Ұлытау (елдің тауар айналымының тек — 0,2%), Жетісу (0,3%) және Жамбыл (0,6%) облыстары тұр.

Еліміздің үздік 3 экспорттаушысы (84,4 млрд. доллар):

  • Атырау облысы (барлық экспорттың — 38,6%);
  • Астана (10,6%);
  • БҚО (9,2%).

Бұл ретте ең аз экспортты Жетісу (0,1%), Ұлытау (0,2%) және Жамбыл (0,3%) облыстары жүзеге асырады.

Шикізатты экспорттаушы үздік өңірлер (58,2 млрд. доллар):

  • Атырау облысы (53,2%);
  • БҚО (13%);
  • Астана (9,7%).

Ең аз шикізат экспортын Жетісу (0,01%), Ұлытау (0,02%) және Жамбыл (0,05%) облыстары жүзеге асырады.

Металл экспорттаушы үздік өңірлер (15,1 млрд. доллар):

  • Қарағанды (33,5%);
  • Павлодар (17,8%);
  • ШҚО (14,7%).

Бұл ретте ең төмен көрсеткіштер Жетісу (0%), Ақмола (0,04%) және СҚО (0,05%) облыстарында байқалды.

Дайын тауарлардың үздік экспорттаушысы (4,7 млрд. доллар):

  • Алматы (51,2%);
  • Астана (14%);
  • Алматы облысы (7,1%).

Дайын тауарлардың ең аз экспортын Ұлытау (0,01%), Жамбыл (0,13%) және Абай (0,15%) облыстары жүзеге асырады.

Үздік үштіктегі тауар импорттаушы (50 млрд. доллар):

  • Алматы (импорттың — 43,1%);
  • Астана (11,4%);
  • Алматы облысы (8,0%).

Импорттық өнімнің ең аз көлемі Ұлытау (0,1%), Қызылорда (0,4%) және Жетісу (0,5%) облыстарында жеткізіледі.

ҚР тұтыну тауарларын 3 үздік импорттаушы (15 млрд. доллар):

  • Алматы (54%);
  • Алматы облысы (14%);
  • Астана (7,7%).

Тұтыну тауарларының ең аз импорты Ұлытау (0,05%), Абай (0,2%) және Қызылорда (0,5%) облыстарында жүзеге асырылады.

ҚР инвестициялық тауарлардың 3 үздік импорттаушысы (11,6 млрд. доллар):

  • Алматы (53%);
  • Астана (11,7%);
  • Алматы облысы (5,4%).

Инвестициялық тауарлардың ең аз импорты Ұлытау (0,17%), Абай (0,2%) және Қызылорда (0,2%) облыстарында жүзеге асырылады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанэкспорт

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz