Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы бойынша Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті

2024 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қонаев қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Алматы облысы бойынша Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Саясат
Фото: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Отырысқа Алматы облысының Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Арсен Абзалұлы Жақыпов модераторлық етті.

«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші кеңесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасымен құрылды.

Кеңеске азаматтық ұстанымын берік ұстанған, үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, адамгершілік-патриоттық тәрбие беру саласында бірегей ресурсы бар мемлекеттік қызмет ардагерлері төрағалық етіп, немесе мүше бола алады.

Тәлімгерлер кеңесінің міндеттері – мемлекеттік басқарудың сабақтастығы және институционалдық жадты көшіру, лауазымға тағайындалған басшылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және бейімдеуге жәрдемдесу, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерге рухани-адамгершілік бағдарларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыру.

Қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің үйлесімді жұмысы сабақтастықты дамытуға және жұмыстың тиімді әдістерін сақтауға септігін тигізеді деп күтеміз.

Тегтер: Алматы облысыӘдеп жөніндегі кеңесҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімемлекеттік қызметсаясаттәлімгерлер кеңесі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz