Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: балаларды қолдау орталығы жаңа жыл мерекесін атап өтті

Бүгін Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өңірдегі балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.12.2022
Аймақ

«Жаңа жыл — әрбір бала асыға күтетін мереке. Облыс басшысы осынау мерекеде балаларды қуанту үшін арнайы сый-сияпатын жіберді. Мұндағы балалар сабағын жақсы оқып, түрлі байқауларда топ жарып жүр. Әрі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Балалардың қоғамға бейім болып өсуі үшін ұстаздар мен тәрбиешілер барын салып, еңбек етіп жатыр», — деді Салтанат Беспаева.

Балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтар, теннис үстелі сыйға берілді.

7-сыныпта оқитын Ақбота Рустамбекова өзінің жүрекжарды қуанышымен бөлісті.

«Бүгінгі сыйлықтар қатты ұнады. Сол үшін алғыс айтамын. Шырша мерекесінде би билеп, өнерімді көрсеттім. Одан бөлек сурет саламын, домбыра аспабында ойнаймын. Ал арманым — дәрігер болу», — деді Ақбота.

Ал қазақ тіліне өте жатық 4-сынып оқушысы Михаил Вилкин мерекенің қызықты өткенін айтады. Ол математика мен компьютерлік бағдарламаларға қызығатынын жеткізді.

«Ағай, апайларға рахмет. Өте қуаныштымыз! Жаңа жыл баршаңызға бақыт әкелсін», — деді ол.

Айта кетейік, балалар үйінде 83 бала тәрбиеленіп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыжаңа жыл

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz