Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі инвесторлармен кездесті

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Самат Ахилбеков Алматы қаласына жұмыс сапары барысында шетелдік «Sharaf Group» компаниясының өкілдерімен кездесті.

17.11.2022
Аймақ

Ірі холдингтің вице-президенті Салах Шараф Әл-Хашмидің айтуынша, «Sharaf Group» Қазақстанда логистикалық хаб құруға және еліміздің жолға байланысты жобаларын ұзақ уақыт бойы қаржыландыруға дайын.

«Алматы облысы – Қазақстандағы үлкен проекттерді іске асыруға арналған алаң секілді. Ал «Sharaf Group» туралы айтар болсақ, біздің компанияның жұмысы бірнеше бағыттарды қамтиды. Олар: кеме қатынасы, логистика, бөлшек сауда, саяхат және туризм, ақпараттық технологиялар, қаржылық қызметтер және т.б. Штаб-пәтеріміз Дубайда орналасқан», — деді вице-президент.

Вице-президенттің ақпаратына сүйенсек, компания Таяу Шығыстағы, Африкадағы, Үнді субконтинентіндегі, Азиядағы жалпы саны 54 мемлекетпен жұмыс істейді. Және бүкіл әлем бойынша 9000-нан астам адамнан тұратын кадрлық резервке ие.

Кездесу соңында араб әріптестер екіжақты ынтымақтастық жайында бірқатар ұсыныстарын дайындап, 2023 жылдың қаңтарында Алматы облысының әкімімен кездесуге келуді жоспарлап қайтты.

Тегтер: инвестор

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz