Нұрақын Дияс Ермекұлы 1987 жылы Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. 2004–2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ 2008–2010 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінде білім алған.
Еңбек жолын 2006–2007 жылдары мемлекетаралық «МИР» телеарнасында аудармашы-редактор қызметінен бастаған. 2007–2008 жылдары «КТК» телеарнасындағы «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламаларында редактор болды. 2008–2009 жылдары республикалық «Жас Қазақ» газетінде арнаулы тілші қызметін атқарған.
2009–2015 жылдары «Жетінші арна» жаңалықтар қызметінде тілші болып жұмыс істеді. 2015–2016 жылдары «КТК» телеарнасының жаңалықтар тілшісі әрі «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығарушы-редакторы қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап «КТК» телеарнасы жаңалықтар қызметінің аймақтардағы қосынының редакторы болды.
Нұрақын Дияс Ермекұлы – БАҚ саласы бойынша Президент грантының иегері.





