Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталған. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметтің қаржылық схемасын жүргізген тұлғалар бар.
Тергеу барысында заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді үйлестіруге пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары мен цифрлық тасымалдағыштар алынған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ІІМ өкілдерінің айтуынша, интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен заңсыз өткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасады.





