Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы іргесіндегі ауыл қоқыс полигонына айналған

Алматы облысының Іле ауданындағы Казцик ауылына қарасты "Дружба" саяжайы қоқыс полигонына айналған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

13.10.2022
Аймақ

«Дружба» саяжайы маңындағы 6 гектар жер телімі «Мұрагер» ЖШС тиесілі. Аталған мекеме терең шұңқырды топырақпен тегістеу керек болған. Алайда топырақ емес, қоқыспен толтырған. Салдарынан ауыл маңы қоқыс полигонына айналған. «Сасық иіс қолқаны қабады. Дәл іргесінде бала-шаға ойнайды. Қаншама уақыттан бері төгіп келген, қоқыс тасыған көліктерді жаздан бері кіргізбей қойдық», — дейді «Дружба» саяжайының тұрғыны Нұрлан Алдасүгіров.

Аталған мәселе бойынша «Мұрагер» ЖШС-не 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынған. 15 қыркүйек күні қоқыс маңында өрт шықты. Өртенген қоқыс иісі жарты Алматыны алып кетті. Қалалық төтенше жағдай саласы да «Мұрагер» серіктестігіне айыппұл салған.

«Дружба саяжайындағы тұрғындардың да кінәсі бар. Өйткені бәрібір қоқыс тастап жатыр деп, біраз жылдан бері тұрмыстық қалдықтарын сол алаңға төгіп келеді. Ал «Мұрагер» ЖШС бүгіннен бастап техникаларын алып келіп, қоқыс алаңдарын топырақпен жауып жатыр», — дейді Казцик ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұмабаев.

Ауыл әкімінің айтуынша, бұдан былай «Дружба» тұрғындарын бұл проблема алаңдатпайтын болады.

Фото: Айдана Дайырова

1 of 5
- +
Тегтер: Іле ауданықоқыс

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz