Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2026 жылғы Конституция – болашаққа бағытталған құжат – сарапшы

Қазақстанда 2026 жылғы 31 қаңтарда жаңа Конституция жобасы таныстырылып, ол бірден қоғамдағы басты қоғамдық-саяси тақырыптардың біріне айналды. Құжат сарапшылық форматта талқыланып, саяси ұрандардан гөрі оның мазмұны, құндылықтары мен қоғам сұранысы басты назарда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа Конституция жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, саясаттанушы әрі қоғам қайраткері Марат Шибутов құжаттың маңызын атап өтіп, оның Қазақстанның кемелденген мемлекет ретінде жаңа кезеңге қадам басқанын көрсететінін айтты.

Саясаттанушының айтуынша, Конституция жобасы бойынша жұмыс өткен жылдың күзінен бастап жүйелі түрде басталған.

«Ме парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамында болдым. Іс жүзінде жаңа Конституция мәселелерімен қазан айынан бастап айналысып келеміз. Алдымен парламент, президент және үкіметке арналған бөлімдерді қарастырдық. Конституция бойынша толыққанды жұмыс басталған кезде басқа тарауларды да қайта пайымдадық», – деді ол.

Марат Шибутов жаңа жоба қазіргі Конституцияны толық қайта қараудың нәтижесі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, 1995 жылғы Конституцияға соңғы 30 жыл ішінде бірнеше рет өзгерістер енгізілгенімен, негізгі бөлімдерге тиісті деңгейде назар аударылмаған.

«1995 жылғы Конституцияға шамамен жеті рет түзету енгізілді, оның ішінде төрт рет ірі өзгеріс болды. Олар негізінен президент пен парламентке қатысты. Ал “Жалпы ережелер” мен “Адам және оның құқықтары” бөлімдері іс жүзінде қозғалған жоқ. Бұл жолы біз құндылықтар мен басымдықтарға ерекше мән беріп, оларды қазіргі заман талабына сәйкестендірдік», – деді саясаттанушы.

Саясаттанушы бұрынғы Конституциядағы кейбір нормалардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

«Бүгінде архаикалық естілетін нормалар болды. Мысалы, хат-хабар құпиясы туралы бөлімде телеграфтың аталуы. Мен өзім 49 жыл өмірімде бірде-бір рет телеграмма жіберген емеспін. Сондықтан Конституцияны тек заңдық құжат ретінде емес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты көрсететін саяси құжат ретінде де қайта қарау маңызды болды», – деп түсіндірді ол.

Марат Шибутов жаңа Конституция жобасының 1995 жылғы нұсқадан басты айырмашылығына тоқталды.

«1995 жылғы Конституция 1994 жылғы саяси дағдарысқа жауап ретінде қабылданып, жас мемлекет үшін жасалды. Ал 2026 жылғы Конституция – бұл кемелденген елдің құжаты. Ол болашаққа бағытталған және мемлекет пен қоғам қалай дамитынын, қандай бағдар таңдайтынымызды көрсетеді», – деп түйіндеді саясаттанушы.

Қазіргі уақытта жаңа Конституция жобасын талқылау сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, ғылыми орта мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен жалғасып жатыр.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz