Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

13 аймақта ұн қымбаттады – министрлік себебін түсіндірді

Қазір кейбір өңірлерде кәсіпкерлер бидайды қымбат бағамен сата бастады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты.

27.09.2023
Аймақ

«Қазір кейбір өңірлерде кәсіпкерлер бидайды қымбат сата бастады. Өздеріңіз естігендей, 2-3 рет жаңбыр жауып, бидай кеппей жатыр. Тиісінше бидай қайта көктеп кетті. Ол енді азық-түлік ретінде пайдалануға болатын сұрыпқа жатпайды. Одан дұрыс ұн шықпайды. Оның үстіне қазір 13 аймақта ұн бағасы өсіп жатыр. Бұған ажиотаждық сұраныс себеп, яғни «ойбай бізде бидай жетпей қалады» деген дүрбелең. Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай қоры жеткілікті екенін баяндайды. Дегенмен кейбір аймақтарда 50 пайызға дейін ұн қымбаттады. Оны біз көріп отырымыз», — деп тоқталды Айдар Әбілдабеков.

Оның айтуынша, азық-түлік корпорацияларының қоймасында 95 мың тонна бидай сақтаулы тұр.

«Жергілікті уәкілетті органдарға осы бидайды диірмендерге жеткізу бойынша тапсырма берілді. Ол үшін корпорация мен диірмен арасында меморандум жасалуы тиіс. Бір апта бұрын берілген тапсырмаға сай, қазір бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Енді оператор (диірмен — автор түсіндірмесі) ақшасын төлеген соң, ҚТЖ оларға бидайды жеткізеді», — деді Айдар Әбілдабеков БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Ол атап өткендей, қандай да бір тауар тапшығы байқалса, кәсіпкерлер бірден бағаны көтеріп жібереді.

«Біз бүгін таңертең Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне хабарласып, ұсыныс енгіздік. Олар нарықтағы ірі «ойыншыларға» сұраныс жіберіп, тергеуді бастаймыз деп жоспарлап отыр», — деп түйіндеді Айдар Әбілдабеков.

Тегтер: Қазақстанқымбатшылықұн

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz