Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Air China» Қазақстанға қайта ұшақ ұшыра бастады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚХР авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air China» әуе компаниясының Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады.

21.04.2023
Жаңалықтар

Бүгіннен бастап Air China әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерімен жасалады.

Өз кезегінде, Қазақстан тарапынан «Air Astana» әуекомпаниясы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын 1 – ден 2 рейске дейін, Алматы – Бейжің бағыттары бойынша 6-дан 7 рейске дейін және Алматы-Чэнду бағыттары бойынша аптасына 1-ден 2 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Осылайша, елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін ұлғайтылады, оның ішінде қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа бағыттардың ашылуы және әуе рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Тегтер: Air ChinaҚазақстанұшақ

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz