Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әуе компаниясына 600 мың теңге айыппұл салынды

Ақтөбе әкімшілік соты Qazaq AIR әуе компаниясына жолаушыны аш қалдырғаны үшін 600 мың теңге айыппұл салды.

16.01.2023
Жаңалықтар

Мұндай шешімді жолаушының шағымынан кейін шығарды.

Әуежай қызметкерлері тамақ таба алмағандықтан, кешіктірілген рейстің жолаушысы түнде ас-сусыз қалған, деп хабарлады «Диапазон». Басылымның жазуынша, оқиға былтыр болғанымен, сот оны жақында қараған.

Ақтөбе әуежайына ұшақ кешігіп келетін болғандықтан елордаға ұшатын рейс 4 сағат 40 минутқа кейінге қалдырылған. Рейс жолаушыларының бірі тасымалдаушы компаниядан тамақ пен сусын беруді сұраған, бірақ оның өтініші орындалмаған. Содан кейін жолаушы қадағалаушы мемлекеттік органға арызданған.

Нәтижесінде Qazaq Air әуе компаниясына қатысты «Тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда тасымалдаушының жолаушыға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Әуе компаниясының өкілі істі тоқтатуды сұрап, мынадай аргумент келтірді. Оның айтуынша, әуе тасымалдаушы күндізгі уақытта рейстің басқа уақытқа ауыстырылатыны туралы мәлімдеп, тамақ пен сусын берілетінін хабарлаған. Ал аталған жолаушы тамақты түн жарымынан кейін, әуежайдағы дәмхана жабылып қалған кезде сұраған. Осылайша, компанияның бұл уақытта тамақ алуға мүмкіндігі болмаған.

Сот бұл аргументті негізсіз деп тапты. Судья әуе компаниялары жолаушыларды тәулік бойы тасымалдайтынын, яғни олар рейс кешіккен жағдайда тәуліктің кез келген уақытында заңмен белгіленген қызметті көрсетуге міндетті екендігін атап өтті.

Нәтижесінде сот Qazaq AIR әуе компаниясына жолаушыға тамақ бермегені үшін 612 мың теңге айыппұл салды.

Тегтер: Qazaq Airайыппұләуе компаниясы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz