Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әскери қызметкер тоқтамастан 2 күн жүгіріп рекорд орнатты

Құрлық әскерлері әскери институтының "Әли" оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов ультрамарафонды сәтті аяқтады.

27.10.2022
Жаңалықтар

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика күні қарсаңында ол «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүгіріп өтемін деп сөз берген еді.

26 қазанда марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды.

«Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер», – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары подполковник Жәнібек Сарғазин.

Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асқан. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы.

«Бұл менің ғана емес, барлық әріптестерімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым», – дейді Рауан Әбілханов.

Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары «Kia Rio» автокөлігін сыйға тартты.

Тегтер: рекорд

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz