Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әскерге барып келгендер ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ларға грантқа түсе алады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі жаңа жобаның басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

20.09.2022
Жаңалықтар

Жаңа жобаның негізгі мақсаты – жастардың мерзімді әскери қызметін өтеуге деген ынтасын арттыру. Бүгінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жобаны қолдап отыр. Жоғары оқу орындары да қосыламақ. Әскерге барып келгендерге бірнеше жеңілдік жасалады.

Олар:

  • ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу;
  • ЖОО әскери кафедрасында тегін оқу;
  • мерзімді әскери қызметті өтеу кезіндегі жетістіктеріне қарай жоғары оқу орны грантын беру;
  • әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсу.

«Әскери оқу орындарына емтихансыз түсу және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу грантын алу кезінде әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын өтеген балаларына да басымдық беріледі деген жоспар бар. Жобаны іске асыру үшін білім беру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізудің қажеті жоқ», – дейді министрлік мамандары.

Қазіргі кезде 40-қа жуық жоғары оқу орны жаңа жоба аясында жеңілдік беруге дайын екенін растады. Ал Қорғаныс министрлігі тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыстарын бастап кетті.

Жаңа жоба 2023 жылы басталады. Соның аясында барлық жеңілдік қазір борышын өтеп жүрген азаматтарға және 2022 жылы әскерге шақырылуға жататын сарбаздарға беріледі.

Тегтер: ЖООҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz