Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда қант нарығындағы монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды, деп хабарлайды Alataunews.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин елімізде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндірілетінін атап өтті.

Елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен 90%) ірі көтерме жеткізушінің сатып алғаны айтылды. Оның әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қанттың нарықтық бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілген. Ал өндіруші зауыт оны 420-450 теңгеден сатады.

Қант сатудың динамикасын зерттеу барысында әр айдың соңында компанияда елдің жекелеген өңірлерінде сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қалдық қордың болғаны анықталды. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеу тағайындады.

Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін нарық субъектілерінің тауар биржасы арқылы қанттың ең аз партияларын (60 тонна) өткізу бөлігінде оларға бақылауды қатаңдату, сондай-ақ импорттаушыларды қант өткізуді биржа арқылы жүзеге асыруға міндеттеу және өндіруші зауыттар үшін шикізат сатып алуға айналым несиелерін бөлу мәселесін қарау ұсынылды.

Премьер-Министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, мемлекеттік органдарға бірқатар қосымша тапсырмалар берді. Үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша компанияға қатысты тергеуді жалғастыруды тапсырды. Қаржылық мониторинг агенттігіне осы кәсіпорынның қызметін ықтимал бұзушылықтар тұрғысынан талдау тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, отандық қант зауыттарына шикізат сатып алуға «айналым схемасы» бойынша қаражаттың бір бөлігін жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Тегтер: қант

Соңғы жаңалықтар

27 сәуірге ауа райы болжамы: қай өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауады?

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2026

Қарасай ауданындағы тауда жоғалған адам аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2026

Көпқабатты үйдегі өрт: құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2026

Іле ауданында жаңа тренд: сенбілікке отбасымен қатысатындар көбейді

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

Көлсайда автобус 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлап кетті

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz