Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай облысындағы өртті 1 500-ге жуық адам сөндіріп жатыр

Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға көмектесіп жатыр. 

11.06.2023
Жаңалықтар
Фото: ТЖД-нің баспасөз қызметі

Фото: ТЖД-нің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 290-нан астам бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет су төгілді, жалпы көлемі  1 000-нан астам тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ екен айтылды. Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖ департаменттерінен жіберілген күштер мен құралдар, Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз міндетін атқарып жатыр.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының қызметкерлері қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.

Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлерінің қызметіндегі басты міндет төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ бастарын қауіпке тігіп төтенше жағдайлар орнында қызмет атқарып жүрген құтқарушыларға медициналық көмек көрсету болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 94 қоңырау түскен.

«Қазгидромет» АҚ 11 маусымға болжамы бойынша бүгін күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын, найзағай күтіліп отыр. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы 22-27  жылы, облыстың оңтүстігінде 32 градусқа дейін көтеріледі.

Тегтер: Абай облысыорманөртТЖД

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz