Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Абай облысында синтетикалық есірткі жеткізумен айналысқан топ ұсталды

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

25.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Жедел операция барысында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің аса ірі партияларын жеткізумен айналысатын топты ұстады. Абай облысына қарасты Қалбатау ауылы маңындағы тас жолда 35 жастағы Алматы тұрғыны қолға түсті. Ол облыс орталығына «Субару Легаси» автокөлігімен бара жатқан. Жедел уәкілдер оның салонынан жапсырмамен оралған пакет тәркіледі. Пакеттің ішінен «жылдамдық» деп аталатын келіге жуық психотроптық зат табылған», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер есірткі заттарын электронды ақпарат жүйесі арқылы өңірлерге таратуды жоспарлаған.

Тексеру барысында олар есірткінің бір бөлігін Текелі қаласындағы сыбайластарына қалдырғаны белгілі болды. Алматы облысының полиция қызметкерлері есірткінің бір бөлігін Текелі қаласынан 40 шақырым жерден тапқан. Ұсталған тұрғынның көлігін тексергенде салмағы 2 килограмм «мефедрон» психотроптық затының 4 түйірінен тұратын қалташа тәркіленген. Сондай-ақ, оның тұрғылықты жерінен «мефедрон» салынған 154 зип-пакеті, буып-түю материалдары мен таразы табылған.

Тегтер: Есірткіқылмыстық ісмефедрон

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz