Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Абай күні: «Абайдың ақын ұлдары» жаңа туынды оқырманға жол тартты

Абай күніне орай, Талғар ауданы Жаңалық ауылында белгілі қаламгер Болат Жүнісбековтің «Абайдың ақын ұлдары» атты туындысының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

10.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Игі шара «аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған музейде өтті. Бұл күні қаламгермен жүздесіп, тағлымды әңгімесін тыңдауға Заречныйдағы әскери бөлімнің жас сарбаздары да келді.

«Бүгінгі шараның бұл музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкәрімнен бастап, 14 ұрпағы қуғын көрген. Ал енді бүгінгі жастар Абай армандағандай білімді, білікті болуы керек қой», — дейді жазушы Болат Жүнісбеков.

«Абайдың ақын ұлдары» еңбегінде дала данышпанының дара талантты ұлдары Ақылбай, Мағауия және Тұрағұл сондай-ақ, немересі Әубәкір Ақылбайұлы жайлы зерттеулер зерделенген. Айта кетсек, тұңғышы Ақылбай мен Мағауия аты әйгілі көркем дастан, поэмалардың авторы. Ал, Тұрағұл қара сөздің хас шебері. Оған қоса, аудармашылығы да бір төбе. Немересі Әубәкірдің өлеңдерінде Абай үлгісі сайрап жатыр. Ол сатиралық өлеңдермен қатар тарихи шығармаларға бет бұрып, көлемді дастандар жазған.

Шара соңында қонақтар музейді аралап көрді. Ел басынан өткен ауыр күндердің ізі іспетті экспонаттармен танысты.

Айта кетсек, Алматы облысында «Абай әндері» атты «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті, «Үмбетәлі жырларындағы – Абай бейнесі» атты жиыны, «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклінің қойылымы, «Абай – жыршы, ұлы ақыны елімнің» атты поэзия кеші сынды шаралар 17 тамызға дейін жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: 1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысында сел қаупін бақылауға арналған маусымдық бекеттер іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Қауіпсіз жол үшін қандай ережелерді сақтау қажет?

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Заңға құрмет – тұрақты қоғамның негізі

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Hand with Glowing bulb on the wood background

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz