Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

А. Мұхамедиұлының соңғы сөзі: ату жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырды дегенге емес

Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзінде кінәсін мойындамайтынын, Қазақстан заңын бұзбағанын мәлімдеді.

16.06.2023
Жаңалықтар

«Құрметті судья, бұл жерде тек төрт адамның ғана емес, Алтын адамның да тағдыры сіздің қолыңызда. Жекеменшік аудиторлық компанияның қате қорытындысынан елдің мақтанышы неге зардап шегуі керек? Ақша жымқыру да, сөз байласу да болған жоқ. Ештеңе дәлелденбеген», — деді экс-министр сотта.

Ол кез келген жазаға келісетінін, бірақ бюджет қаражатын жымқыру деген айыппен мүлде келіспейтінін атап өтті.

«Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болса да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақтың керемет мақалы бар: «Өлімнен ұят күшті». Мен алпыс жыл абыройлы өмір сүрдім», — деп мәлімдеді сотталушы.

А. Мұхамедиұлы әділдік орнайтынына сенетінін және үміттенетінін айтты.

Бұған дейін прокурор бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетері, сотталушылар орындығында тағы үш адам — Алмаз Нұразхан (Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары), Азамат Көшенов («Экспонат» ЖШС директоры) және Айым Сәдуақасова («Экспонат» ЖШС бухгалтері) бар. Мемлекеттік айыптаушы оларға 8 жыл сұрап отыр. Еске салсақ, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылғы мамырдан бері қамауда отыр.

Оған «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушылар 221 млн теңге жымқырған.

Тегтер: Арыстанбек МұхамедиұлыСотэкс-министр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Талғар ауданында екі жаңа мектеп ашылды: үш ауысымды оқыту мәселесі шешіліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz