Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысының Сарқан қаласында қараусыз жатқан аумаққа 85 млн теңге бөлінген

Бюджет қаражатына футбол алаңы, жаттығу құрылғылары орнатылды. Жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Сарқан өзенінің бойын бұрын қалың шөп басып, қоқыс шашылып жатқандықтан, жергілікті тұрғындар мұнда көп келе бермейтін. Ал қазір серуендейтін жол салынып, ескірген көпір жөнделіп, жарықтандырылған соң аумақ көпшіліктің тынығатын сүйікті орнына айналды.

Саябақтың ашылуымен сауда-саттық орыны және балаларға арналған көліктерді, велосипедтерді жалға беретіндер мен түрлі қызмет көрсету орындары жұмысын бастады. Осылайша жергілікті тұрғындар өзін өзі жұмыспен қамтып отыр.

Демалыс орнына балаларға арналған қосымша ойын алаңын салып, өзге де құрылғыларды орнату, парк аумағын ұлғайту жоспарланып отыр.

«Сарқан қаласының әр аудандарында үш жерге балалар ойнайтын алаң, спорт алаңдары салынады. Бұған қоса екі мектептің алаңы заманауи үлгіде жаңартылады», — дейді Сарқан қаласының әкімі Амантай Орынбеков.

Айта кету керек, балалар жылы аясында ауданда аймақтағы балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында Көкөзек, Қарабөгет, Алмалы сынды жеті ауылда ойын алаңы салынбақ.

Тегтер: Жетісу облысыСарқансаябақ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz