Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

9 жасар спортшы Испаниядағы кәсіпқой футбол клубында жаттығады

Қазақстандық 9 жасар Назар Доля Испаниядағы Levante UD футбол клубында жаттығады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

28.08.2022
Жаңалықтар

Анасы Алма Ілиясованың айтуынша, Назар үш жасынан Орал қаласындағы FKU Орал (football Kids Uralsk) клубында тәжірибелі бапкер Болат Шалаевтың қоластында жаттықты.

«Әкесі Сергей Доля өткен жылы жазда Сочидегі лагерьге апарып еді. Сонда Испаниядан бапкерлер келіп, қараған кезде Назар бірден көзге түсіп, ұнаған. Сосын сертификат беріп, Валенсиядағы футбол академиясына қаралымға шақырды. Қаралымнан ойдағыдай өтіп, кәсіпқой футбол клубымен екі жылға келісімшарт жасасты», — деді Алма Ілиясова.

Назардың футбол агенті Мария Ковалеваның сөзіне қарағанда, қазақстандық жас спортшы Global Football Total Levante UD академиясында қаралымнан ойдағыдай өтті.

«Назар Global Football Total академиясының базасында қаралымнан өту үшін Испанияға биылғы қаңтар айының аяғында барды. Мұнда басқа клубтар да жас таланттардың ойынын қарайды, сондықтан түрлі ұсыныстар түсуі мүмкін. Назар қазірдің өзінде болашағынан үлкен үміт күттіреді, қалғанын уақыт көрсетеді», — деді ҚазАқпарат тілшісіне Мария Ковалева.

Тегтер: Испанияфутбол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz