Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТЖМ су тасқынынан 85 мың адам құтқарылғанын мәлімдеді

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде елімізде су тасқынынан 85 мың адам құтқарылғанын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам
«9 сәуір сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала эвакуациялады. Қазір уақытша орналастыру пунктерінде 8 349 адам, оның ішінде 3 809 бала бар», — деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, төтенше жағдай министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 миллоннан аса текше метр еріген қар суы сорылды, 1 мыңнан аса қапшық, 1 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмысына 16 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық техника жұмылдырылды.

«Еліміздің 9 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай жарияланды.

Жедел желі телефондарына 1129 қоңырау түсті. Шұғыл психологиялық көмек 76 адамға көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп жатыр», — деді аға офицер.

Сондай-ақ 8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келген. Оны ТЖМ өкілдері күтіп алған.

Тегтер: су тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz