Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2GIS-те қазақша навигатор дауыстары пайда болды

2GIS бағытты қазақшаға дауыстайтын функция қосты. Оны мобильді қосымшаның баптауынан қосуға болады. Бұл туралы Dropbox.kz жазды.

22.06.2023
Жаңалықтар

2GIS биыл сәуір айында геосервистер арасында бірінші болып қазақ тіліне аударылған картаны және ұйымдарды іздеуді іске қосты. Енді қосымшаға қазақша дауыстар қосылды.

«2GIS-тің алғашқы қазақ дауыстары кәсіби алматылық дикторлар Бибігүл Керімова мен Ерланби Даулетияр болды. Олар ең келісті интонациялар мен тіпті әдеттегіден «жанды» сөйлеу стиліндегі фразалар нұсқасын ұсынды.  Әдеттегідей, біздің навигаторымыздың сөздері әдемі, қысқа да нұсқа, тым кітап тіліндей емес, табиғи қазақ тіліне жақынырақ болғанын қалаймыз», — деді 2GIS продюсері және редакторы Роман Жайворон.

Оның айтуынша, қазақша дауыстық бағыттауды кез келген маршрут кезіндеқосуға болады. Дауысты 2GIS мобильді қосымшасында навигатор баптауларын басып таңдауға болады.

Айта кетейік, сәуір айынан бастап 2GIS-те қазақ тіліне аударылған карталар және ұйымдарды іздеуге болады. Енді сервисте дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдени мекемелерді, көрікті жерлерді және басқа да орындарды қазақша іздеуге болады.

Бұл ретте қосымшада таңдалған тіл мен навигатордың даусы бір-біріне тәуелді емес. Мысалы, қосымшада жалпы орыс тілі таңдалса да, дауыстық кеңестерді қазақ тілінде қосуға болады.

Тегтер: 2GISқазақ тілі

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz