Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2025 жылы Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болады

Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болады. Бұл туралы Қазақстанның халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омаров мәлім етті.

19.10.2023
Жаңалықтар

Маңызды шешім Әзербайжанның Шуша қаласында өткен аталған ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері бас қосқан жиында қабылданды.

«Осы жиында Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан және Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Түркия өздерін ұсынды. Бірақ көпшілік дауыспен Қазақстанның Ақтау қаласы жеңіп шықты. Түркі әлемінің театр фестивалі, суретшілер басқосуы, яғни түркі әлеміне қатысты мәдени шаралардың бәрі Ақтау қаласында өтеді. Мәдени астананың ашылуы мен жабылу салтанатына үлкен концерт ұйымдастырылады. 2024 жылдың басында өтетін ТҮРКІСОЙ ұйымының 41-отырысында Ақтау қаласының әкімшілігі жиынға келіп, өзінің таныстырылымын жасауы тиіс», – деді Бақытжан Омаров «Маңғыстау» телеарнасына берген сұхбатында.

Каспий жағалауына жиналып, түрлі іс-шаралар өткізу өңірдің туристік әлеуетін арттырмақ. Бұған дейін еліміздегі түркі әлемінің мәдени астаналары Астана мен Түркістан болған.

Тегтер: Ақтау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz